«Абайды оқы, тәлім ал!»

10.08.2021 Выкл. Автор admin
«Абайды оқы, тәлім ал!»

2021 жылдың 10 тамыз  күні Абай күніне орай  Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Абайды оқы, тәлім ал!» атты Абай өлеңдерін жатқа оқу марафоны өткізілді.  Шара барысында «Адамзаттың шамшырағы-Абай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрермендер назарына ұсынылды. Слайд арқылы «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» атты ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы шолу жасалды. Шарамызды Ақүйік ауылдық округінің əкімі Азамат Рахышұлы ашып беріп, оқырман қауымның жүрегінен орын алған Абай күнімен құттықтады. Марафонды кітапханашы К. Сұлтанбаева Абайдың «Әсемпаз болма, әрнеге» атты өлеңімен бастады. Қатысушылар тарапынан кітапханамыздың түрақты, белсенді оқырмандары С.Жарқынқызы, А.Аянқызы, Н. Көшербай, Б.Орынбасар, А.Абибуллалар ақынның халыққа, қоғамға пайдалы адам болу хақындағы адамгершілік қағидаларын, моральдік-этикалық ұстанымдарын айқындайтын тәлімі терең өлеңдерін жатқа оқыды.