«Адамзаттың Абайы»

10.08.2021 Выкл. Автор admin
«Адамзаттың Абайы»

Тамыз айының 10  күні  Жаңақорған аудандық балалар кітапханасында    10 тамыз — Абай күніне  орай кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Адамзаттың Абайы» атты онлайн әдеби оқу оқырмандарға ұсынылды.  Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны туралы мәлімет беру, өмір жолы мен шығармашылығын таныту, адамгершілікке тәрбиелеу. Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету, мәнерлеп оқуға баулу.

Бейнероликте ақынның өмір жолы  мен шығармашылығы жайлы, ақынның жақсы қасиеттері, ақынның даналық сөздерімен қатар, кітапхана оқырмандары Б.Ерсұлтанұлы  ақынның «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», Э.Бейбіт  «Әсемпаз болма әрнеге», Е.Ермахан «Рахым шалға» атты өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.