«Өнегелі отбасы – қоғам байлығы»
14.05.2021Түгіскен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында «Парасат жолы» орталығында 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай «Өнегелі отбасы – қоғам байлығы» тақырыбында онлайн бейнеролик жасалды.
Мақсаты: Қазақстанда отбасы институтын нығайту. Отбасының беделін көтеру және отбасы құндылықтарын, үлгілі отбасыларын көпшілікке насихаттау.1993 жылдан БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілген бұл күнді белгілеу әлемдік қауымдастықтың отбасының қазіргі жағдайы мен оның қоғам өміріндегі және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына алаңдаушылық туғызуына орай жүзеге асып отыр. Отбасы ұрпақтан ұрпаққа біздің мәдени құндылығымызды, ұлттық дәстүрімізді сақтау мен беруге арналған маңызды орта, сондықтан ол балаларды, қарттарды және мүгедектерді адамгершілік және материалдық тұрғыдан қолдайды. Осындай үлгілі отбасылардың бірі ауылымыздағы Төрехожаев Ермахан ағамыздың отбасы. Ермахан ағамыз түрлі басшылық қызметтерде болған. № 209 Әнуар Әбутәліпов атындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі қызметін, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған ардагер ұстаз. Қазіргі таңда зейнеткерлікте, ауылдық ақсақалдар кеңесінің белсенді мүшесі. Ағамыздың ақындық, жазушылық қасиеті бар, сонымен дін жолында өзінің қажылық парызын өтеген абыройлы азамат. Ағамыздың «Қас қағым сәт», «Аққорған», «Түгіскен таңы» т.б. көптеген кітаптары жарық көрген. Жары Разия апамыз екеуі он ұл-қыз тәрбиелеп өсірген көп балалы отбасы. Балалары түрлі салаларда басшылық қызмет атқарып келеді. Қыздары әке жолын қуып, білім саласында ұстаздық қызмет атқарып келеді. Жастарға үнемі имандылық жолындағы тәрбиесін беріп жүрген өнегелі отбасы.