«Жекпе жек»
30.04.20212021жылдың 30 сәуір күні Манап ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел-бір кітап-2021» акциясы аясында жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Жекпе жек» әңгімесіне талқылау болып өтті.
Мақсаты: Оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру. Оқушылардың ой — өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту.
Елімізде 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған орай «Бір ел-бір кітап» республикалық ақция аясында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма сынды бес жанр бойынша 30 үздік шығарма жалпыхалықтық оқуға таңдалды. Осы таңдаулы 30 кітаптар ішіне балалар әдебиеті жанры бойынша ауыл мектебін, ауыл мұғалімдерін жақсы суреттеген Б. Соқпақбаевтың «Жекпе-жек» повесі енгізілді. Осы орайда кітапханашы шығарма жайында жан жақты баяндап, оқушылар өз ой пікірлерін ортаға салды.