«Ауылымның ардақтылары»

09.05.2021 Выкл. Автор admin
«Ауылымның ардақтылары»

2021жылдың 9 мамыр күні Бірлік ауылдық кітапханасы «Дарыны өскен, даңқты өлкем – Бірілгім» жобасы аясында Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай «Ауылымның ардақтылары» атты айдармен библиопост жобасын оқырман назарына ұсынды.

Мақсаты: Ауылымыздың тумасы, соғыс ардагері Най­ман­бай Құрбановтың өнегелі өмір жолын өскелең ұрпаққа насихаттай отырып, оларды отансүйгіштікке, елжандылыққа, туған жерге адал болуға баулу, атқарған қызметтері жайлы мағлұмат беру.

Шара барысында жас жауынгер Най­ман­бай Құрбановтың  1942 жылдың күз айының басында Сталинград майданында оқ пен оттың арасында жүргені, қым-қиғаш соғыс­тың бірінде ол аяқ-қо­лынан бірдей жараланып госпитальға ем алып, 1943 — жылдың жаңа жы­лында Сталинград майда­нына қайта түс­іп, қаладағы трактор зауытын босату кезінде тағы да басынан жарақат алып,  Саратов қаласындағы госпитальда бес ай емделгені жайлы мағлұмат берілді.Қайта қатарға қосылғанында немістер шегініп, оның полкі Венгрияны азат етуге кіріскен екен. Әскери бөлімдерді қайта жасақтап, толықтыру кезінде қатардағы жауынгер Құрбанов атты әскер қатарына жіберілді.

Жауынгердің соғыстағы ерліктері ескерусіз қалмады. «За победу над Германией» медалімен екі рет «За отвагу» медалімен, «Ұлы Отан соғысы ІІ дəрежелі орденімен марапатталды.

Ауылдағы қызметі жайлы 1948-жылдың басынан елге келіп, колхоз жұ­мысына араласып, зейнетке шық­қанша мал шаруашылығында адал бей­нет ет­кені жайлы ақпарат берілді.

Бірнеше жылдар үздіксіз социалистік жарыстың жеңімпазы болған майдангер сексенінші жылдары бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің күміс медалімен марапатталды.