«Ауылымның ардақтылары»
09.05.20212021жылдың 9 мамыр күні Бірлік ауылдық кітапханасы «Дарыны өскен, даңқты өлкем – Бірілгім» жобасы аясында Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай «Ауылымның ардақтылары» атты айдармен библиопост жобасын оқырман назарына ұсынды.
Мақсаты: Ауылымыздың тумасы, соғыс ардагері Кешубаев Ерескен Сапабекұлының өнегелі өмір жолын өскелең ұрпаққа насихаттай отырып, оларды отансүйгіштікке, елжандылыққа, туған жерге адал болуға баулу, атқарған қызметтері жайлы мағлұмат беру.
Шара барысында бір соғысқа екі рет тәуекел етіп, тағдырдың сынынан өткен саңлақ тұлға, айбынды жауынгер Кешубаев Ерескен Сапабекұлының 1941 жылға дейін мұғалімдік жұмыс атқарғаны, 1941 жылдың күзінде Сталин атындағы мектепте мұғалім болып жүргенінде әскер қатарына шақырылып, Ақтөбе қаласында жасақталған 101 қазақ ұлттық полкінің құрамында Беларус майданына аттанып, жаяу әскер сапында жүріп жараланып, 1942 жылы сәуірде елге қайтарылып, жазылған соң 1942 жылы маусымда соғысқа екінші мәрте қайта аттанып Гурьевтегі минометшілер даярлайтын арнайы курстан өтіп, 35 гвардиялық дивизия құрамында, 1942 жылдың 2 желтоқсанында Дон бағытында соғысқа түскені жайлы мағлұматтар берілді. 1943 жылы әуелі Киевте, 18 наурызда Харьковта қиян кескі ұрыстарға, генерал Лукашовқа адъютант болып, 1944 жылы Польшаны азат етуге қатысқан. Басынан, кеудесінен жараланып, сол жылы елге оралған. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін «За отвагу» және «За боевую заслугу» медальдарымен марапатталған.
Ұстаздық қызметіндегі жетістіктері жайлы, 1947 жылы Талап мектебінде мұғалім болып жүргенінде оқу сапасын жақсарту жөнінде республикаға үндеу жариялап, ол кезінде «Қазақстан пионері» газетінде басылғанын, 1956 жылы Мәскеуде Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің алтын медалға ие болғанын , 1970 жылы Ақтөбедегі Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтында өткен Республикалық педоқуда баяндама жасап, ол жоғарғы бағаланған. жетістіктері жайлы ақпарат берілді.