«Ұлы Жеңіс-ұрпаққа аманат»

06.05.2021 Выкл. Автор admin
«Ұлы Жеңіс-ұрпаққа аманат»

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен мамыр айының  6-сы күні  «Парасат жолы» жобасы аясында 9-мамыр Жеңіс күніне орай «Ұлы Жеңіс-ұрпаққа аманат» атты әдеби кеш өткізілді.

Мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Жас ұрпақтың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.

Кеш барысында оқушылар ақын жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, библишар ойыны ұйымдастырылып тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап берілді. Кітапханадағы Жеңіс туралы, Ұлы Отан соғысы жайлы, қазақстандықтардың ерлік істері, Қызылордалық қаһармандар мен батыр бабаларымыз Б. Момышұлы, Қ. Қайсенов, батыр қыздарымыз М.Маметова, Ә. Молдағұлова т.б. ержүрек аталарымыз бен апаларымыз жайында мағұлматтар берілді. Кітапханашы «Бейбіт өмір сыйлаған-Ұлы Жеңіс»  тақырыбындағы  кітап көрмесіне шолу жасады.