«Жеңістің рухы биік – даңқы мәңгі»

06.05.2021 Выкл. Автор admin
«Жеңістің рухы биік – даңқы мәңгі»

2021 жылдың 6 мамыр күні Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай  «Жеңістің рухы биік – даңқы мәңгі» атты патриоттық кеш өткізілді.

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңістің мән-маңызы туралы мағлұмат беру. Халқымыздың ерлік тарихынан тағлым бере отырып, баланың бойындағы патриоттық сезімінің оянуына, отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншылдыққа баулу.

Кітапханашы К.Сұлтанбаева соғыс шежіресі туралы деректер келтіріп, соғыс зардаптары, Қазақстандықтардың ерен ерліктері жайлы шолу жасады.

«Ұлы Отан соғысы» — деректі фильмінен үзінді, «Батырлар ұмытылмайды» слайдтар презентациясы көрсетілді. «Отты жылдар шежіресі» — атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар назарына ұсынылды.

Шара барысында фашистердің «Барбаросса», «Балау», «Цитадель» атты соғыс жоспарының, сондай-ақ Кеңес Одағының «Берлин» операциясының мəні жайлы ақпарат берілді. «Көкжиек» — поэзия сүюшілер клубының бастамасымен соғыс жайлы «Екеуін де көтерді ол» (Ж.Молдағалиев), «Мен соғысты жек көрем!» (Қ. Жұмағалиев), «Соғыс» (Қ. Әбдіқадыров),«Жеңіс күні» (Т. Молдағалиев) М. Мақатаевтың «Менен сұра» өлеңдері оқылды.