«Отбасы — шағын мемлекет»
11.05.20212021 жылдың 11 мамыр күні «Отбасы — шағын мемлекет» атты өнеге сағаты өткізілді. Мақсаты: 15 мамыр-отбасы күнін атап өту, отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасылық тәрбиенің маңызын түсіндіріп, ұлттық діні мен тілін, ұлттық тәрбиені бойына сіңірген отаншылдық рухы жоғары ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуге баулу.
Өнеге сағатында кітапханашы «Отбасы- адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі, яғни отбасы-қоғамның ең кіші бөлшегі. «Отбасы-шағын мемлекет» деп те атайды. Отбасының басты қызметі- баланы тәрбиелеп, ата-ананың үмітін ақтар, Отанын, елін, жерін , ұлтын сүйер азамат етіп өсіру»,- екенін айта келіп, кітапхана қорындағы ерлі-зайыпты журналистер Марат Тоқашбаев пен Раушан Каршалованың ұзақ жылғы ізденістерінің жемісі- «Бақыттың кілті» атты кітабына шолу жасап, оқырмандарға оқуға ұсынды. Кітапта отбасында кездесетін келеңсіздіктің алдын алуда ынтымақ, татулық, отбасылық мәселерді ақылдасып шешу, адалдық, адамгершілік , ұрпақ алдындағы жауапкершілік, ата-баба дәстүрін сақтау т.б. отбасылық құндылықтарды сақтап қалу қажеттілігі айтылады. Зейнеткер оқырман Д.Керімбеков өз пікірін қосып, отбасының басты борышы-ұрпақ алдындағы жауапкершілік, яғни баланы өсіріп, тәрбие мен білім берудегі басты тұлға ата-ана екенін атап өтті. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Сондықтан да баланы өмірге бейімдеуде отбасы, ата-ана, мектеп, ұстаз т. б. қауымдастықтардың рөлі ерекше екені айтылды.Шара барысында осы тақырыпта өлең,нақыл сөздер оқылды.