“Сезімнің сыршыл сардары”
15.06.2021
2021 жылдың 15 маусым күні Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ақын-сазгер, драматург Исраил Сапарбайдың 80 жасқа толу мерейтойына орай “Парасат жолы” аясында “Сезімнің сыршыл сардары” атты поэзия сағаты өтті.
Шара барысында “Менің өз əлемім”- атты слайд арқылы ақын шығармашылығына шолу жасалып, “Мен ақынмын”, “Өлең”, “Қоңыр əуен”- атты жырлары оқылды.
160-тан аса әндер мен 150-ге тарта ән мәтіндерін эстрада əлеміне бойлатқан Исраил Сапарбайдың 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінде қазақ қыздарының ерлігін, рухын көтерген ” Мен қазақ қыздарына қайран қалам”, «Сағыныш сазы», «Егіз лебіз» «Шымкентім шырайлым», “Ностальгия”сынды көптеген əндері елдің жаттанды жырына айналғаны жайлы ақпараттар берілді.
Мақсаты: Жазушының өмір жолы мен жазушылық қызметін, шығармаларын кеңінен насихаттау, оқу ісін ілгерілету, жас ұрпақты кітап оқуға баулу.