«Ұлы дала үні –домбыра»
02.07.2021
Қожамберді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлы дала үні –домбыра» атты библиопост жариялады. Мақсаты: Жастардың ойын шыңдап, ата-бабадан қалған кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін ояту.
Домбыра – қазақтың киесі, қасиетті қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым. Домбыра күнінің белгіленуі жәйдан-жай емес. Бұл рухани жаңғыру бағытындағы ең сүбелі тірліктің бірі болмақ. Домбыра-көнеден қалған асыл мұра, көзіміздің қарашығы. Домбыра күнінің ұлттық мерекеге айналуы – көнеден жеткен рухани байлығымызға берілген лайықты баға. Сондықтан, ұлттық мәдениетімізді әлемге асқақтататын қасиетті аспаптың ұлықталуы заңдылық.