«Қаламгерлік бейнеттің бәйгеторысы»

23.07.2021 Выкл. Автор admin
«Қаламгерлік бейнеттің бәйгеторысы»

Жаңақорған аудандық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар, Суретшілер және Журналистер Одағының мүшесі Сейсен Мұқтарұлының 75 жылдығына «Қаламгерлік бейнеттің бәйгеторысы» атты еске алу кеші әлеуметтік желіге ұсынылды.

Мақсаты: жастарға Сейсен Мұқтарұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, өлеңдерінің құдіретін сезіну, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Келешек ұрпаққа мұраларын насихаттау.

Еске алу кешіне ауыл тұрғындары, замандастарымен бірге ақынның өмір жолы мен шығармашылығын баяндады. Жас буын өкілдері жазушының шығармаларынан үзінді оқыды.