«Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресеміз»атты кітап бұрышы

23.07.2021 Выкл. Автор admin
«Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресеміз»атты кітап бұрышы

2021 жылдың 23 шілде күні Бірлік ауылдық кітапханасында «Парасат жолы»жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресеміз»атты кітап бұрышы ұйымдастырылды. Көрмеге Н.Төлепбергенұлының «Жемқордың жеткен жері» кітабы, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» басылымы, публицист Ж.Құлиевтың «Шындық –жалғыз, сұмдық- мың» кітабы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Қазақстан Республикасының заңы, Қ. Қайранбаевтың «Ар мен Заң алдында» кітабы, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі, Ү. Нұрмашевтің «Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы» оқу құралы, И.Борчашвилидің «Коррупционные преступления», А. Ағыбаевтың «Қылмыстық құқық» оқулығы, т.б. көптеген кітаптар мен мерзімді басылымдардан мақалалар қойылды.

 Шараның мақсаты: Адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету, оқырмандарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау туралы әдебиеттермен, ҚР-ның құқықтық құжаттарымен таныстырып, ақпарат беру.

Кітапханашы К.Сұлтанбаева оқырмандарды кітап көрмесімен таныстырып, қойылған әдебиеттер жайында ақпарат берді.

Іс — шара барысында сыбайлас жемқорлық тақырыбын қозғайтын бірқатар сұрақтар қойылды, қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, сауалдарға толық жауап берді. Слайд арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, жемқорлықтың жалпылама белгілері, зардаптары жайлы шолу жасалды.