«Балалар бақытымыз»
16.09.2021
Қандөз ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар бақытымыз» атты ертеңгілік өтті. Мақсаты: балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғап, оларға қамқорлық жасау. Осылайша болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.
Шара барысында ертеңгілік гимннен басталып, балалар әдемі би билеп, тақпақтарын айтты. Балалар “Гүлдер мен аралар” ойынын ойнап, “Туған елім” әнін айтты. Балалар «Кім тапқыр?» ойынын ойнап, кітапхана қызметкерлері қойған қызықты сұрақтарға, сондай ақ берілген әріптерден басталған сөздерді тауып, жарыса жауап берді. Ертеңгілік соңында «Аюлар» мультфильмін көріп тамашалады. Балалар бақшасында өткізілген мерекелік шара өте тартымды өтіп, балалар болашақта кітапханаға тұрақты түрде келіп тұратындықтарын айтып, қызметкерлерге алғыстарын білдірді.