«Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын» атты көрме саяхаты

06.09.2021 Выкл. Автор admin
«Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын» атты көрме саяхаты

Жаңақорған аудандық кітапханасының ұйымдастырумен 6 қыркүйек — ҚР Халықтарының тілдер күніне орай «Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын» атты көрме саяхатын ұсынады. Мақсаты: Оқырмандардың қазақ тіліне деген ынтасын жандандырып, тілді құрметтеу, өзін құрметтеу, тіл-біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру, тәрбиелеу. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау.

Кітап көрмесіне кітапхана қорындағы Қазақстан халықтарының тарихы, «Қазақ тіл білімінің мәселелері», «Қазақ әдеби тілінің сөздігі», «Қазақша үйренейік», «Мемлекеттік қызметшілерге арналған оқу құралдар және тағы басқа кітаптар қойылып, оқырмандарға үш тұғырлы тіл өмірдің қажеттілігімен бірге, қазақ тілінің әлем тілдерінен кем түспейтін ұлы тіл екендігі насихатталып, оқырмандарға кітап көрмесін  кітапханашы А.Сағатқызы таныстырды.