«Тұрарсың ғасырлармен қатар, Қасым» әдеби жыр кеші

10.09.2021 Выкл. Автор admin
«Тұрарсың ғасырлармен қатар, Қасым» әдеби жыр кеші

10 қыркүйек күні Жаңақорған аудандық кітапханасының ұйымдастырумен «Парасат жолы» жобасы аясында қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың 110 жыл толуына орай «Тұрарсың ғасырлармен қатар, Қасым» әдеби жыр кеші ұсынылды.

Мақсаты: қайсар ақын, тума талант иесі Қ.Аманжоловтың өмірі және шығармашылығымен оқушыларды кеңірек таныстыру. Оқушылардың әдебиетке деген ынтасын артыру, көркем сөз оқу шеберлігін, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

Қасым Аманжолов артына мол әдеби мұра қалдырған батыр ақын. Біраз өлеңі соғыс жылдарындағы сұрапыл майдан жайлы болса, кей өлеңдері лирикаға толы. Ақынның таусылмайтын тағылымға толы ғұмырына арналған кеште мектеп оқушылары Сұлтанбек Зарина «Балалық шақ туралы», Әбдірашит Арайлым «Туған жер» өлеңдерін оқыды.

Ақынның сапары үзілмес сапар. Өйткені, бүкіл қазақ ардақ тұтқан мұрасын бүгінгі ұрпағы ұмытпайды. Артына талай аңыз қалдырған Қасым Аманжоловтың батыр мінезі мен батыл ойлары да халық жадында мәңгі сақталып қалары сөзсіз.