«Балалыққа кітаппен барар жол» атты әдеби керуен

25.09.2021 Выкл. Автор admin
«Балалыққа  кітаппен  барар жол» атты әдеби керуен

25 қыркүйек күні орталық алаңда   «2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына» орай, «Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021» акциясы аясында «Балалыққа  кітаппен  барар жол» атты әдеби керуен ұйымдастырылды. Мақсаты:  оқырмандарға білімнің кітап арқылы берілетінін түсіндіру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларды қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге және қайратты істер жасауға жұмылдыру. Шараға №169 мектептің 5 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Г.Сапарбаева, «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Р.Алиева, аудандық ішкі саясат бөлімінен Т.Алпамысова   қатысты. Кітапханашы Ж.Тулешова таныстырған  «Ертегілер әлеміне саяхат» атты кітап көрмесінен бастау алған шара «Түлкі мен қоян» атты қуыршақтар театрының қойылымымен жалғасты. Балалар қойылым тамашалап болғаннан кейін  «Ойнайық та ойлайық» атты әдеби ойынға қатысып, І кезеңде «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында насихатталатын балаларға арналған кітаптардан, «Бәйге» атты ІІ кезеңіңде қазақ  жазушыларының шығармашылығынан сұрақтарға жауап беріп, «Ойлан тап»  атты  ІІІ кезеңінде  суретте бейнеленген ертегі кейіпкерлерін  дұрыс тапқан  оқушылар саябақтағы машина-паравозға мініп, орталық алаңда қыдырды.

Шара барысында орталық алаңдағы лед-экраннан «Балалар әдебиеті – рухани қазына» атты бейнеролик көрсетіліп түрды. Жаңақорған аудандық кітапханасының директоры А.Тилеубергенова, сынып жетекшісі  Г.Сапарбаева  оқырмандарды кітап оқуға тартатын қызықты шара ұйымдастырған кітапханашыларға алғысын білдіріп, шараны қорытындылады.