«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты шара

29.09.2021 Выкл. Автор admin
«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты шара

Төменарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Парасат жолы» жобасы аясында 1 қазан Қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты шара өтті.

Шараның мақсаты оқушылардың бойына адамгершіліктің қадір қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзбен ғибрат алуға тәрбиелеу.

Шараны кітапханашы Н.Есіркепова жүргізді. Шараға мектеп оқушылары мен клуб үйінің ұжымы қатысып, кітапханашы оқушыларға үлкендерге құрмет көрсету міндеттері туралы түсіндірді. Сүйемелдеуші Ж.Түменбаева «Ата баба арманы» атты термесін орындады. Кітапханашы Н.Есіркепова «Қарттарым асыл қазынам» атты көрмесімен оқушыларды таныстырды.