«Дін-тәрбиенің рухани тірегі» атты онлайн виртуалды кітап көрмесі

13.08.2021 Выкл. Автор admin
«Дін-тәрбиенің рухани тірегі» атты онлайн виртуалды кітап көрмесі

13 тамыз күні Жаңақорған аудандық орталық кітапханасының, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Парасат жолы» жобасы аясында «Дін-тәрбиенің рухани тірегі» атты онлайн виртуалды кітап көрмесі ұсынылды.

Мақсаты: Жастарға діни экстремизм мен терроризмнің мағынасын түсіндіру, түбегейлі тамырын жою,  сондай-ақ  имандылыққа, құрметтілікке, тазалыққа  тәриелеу.

Қазақ халқының діни ұстанымы мен салт — дәстүрлерін қастерлеп сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ат салысу қажет. Қазақтың көрнекті ағартушысы, ақын Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінің бірінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтып кеткен болатын. Бұл бізге, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді. Сондықтан, мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды.
Сондай-ақ  кітапханашы Ә.Сағатқызы  кітап көрмесімен таныстырып  Қ.Лама Шарифтың «Дініңді ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» Қ.Бағашардың «Ислам және өнеге» атты кітаптарына тоқталды.