«Ақиқатты арқау еткен айтыскер ақын» атты кездесу кеші

19.10.2021 Выкл. Автор admin
«Ақиқатты арқау еткен айтыскер ақын» атты кездесу кеші

Жаңақорған аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Парасат жолы» жобасы аясында және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі», және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының» мүшесі, «Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты», «Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы», Республикамызға танымал белгілі айтыс ақыны Сыздықов Әбілқайыр Әбілпаттаұлының 50 жасқа толуына орай «Мен танитын тұлға» атты шығарма және Ода жазудан аудандық байқау сонымен қатар «Ақиқатты арқау еткен айтыскер ақын» атты кездесу кеші болып өтті.

Мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген ақынымыздың өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Шараға айтыскер ақын Әбілқайыр Сыздықов, Халықаралық жазушылар және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын Файзулла Сахиев, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ж.Шертекова, «Жаңақорған тынысы» газетінің редакторының орынбасары Б.Үсейінова, кітапханашылар, оқырмандар, мұғалімдер қатысып, шараны ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Жаңақорған тынысы» газетінің редакторының орынбасары Б.Үсейінова жүргізіп, жыр сүйер шәкірттерінің бірі ақынның «Мен қазақпын» атты өлеңін нақышына келтіре орындады. Сондай-ақ шарада қырғыз ақын-жазушылары және Орта Азияның «Янги Овоз» Әдебиетшілер мен тарихшылары Қауымдастығының мүшесі Мадияр Оспанов «Мен танитын тұлға» атты шығарма жазудан бас жүлдені қанжығасына байласа, Ода жазудан ақын Мұстафаев Ерсұлтан бас жүлдені жеңіп алды. Кеште ақын Файзулла Сахиев шәкіртіне ыстық лебізін білдіріп, Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ж.Шертекова апалық аппақ жүрегінен алғысын білдіріп, сондай-ақ ақынның ұстазы №3 мектеп интернатының мұғалімі Жумагүл апай бала Әбілқайырдың қызықтарын айтып, тебірене сөйледі. Шараны аудандық кітапхананың директоры Ә.Тилеубергенова қорытындылап сый-сияпат жасап, ақын өзінің туындысынан «Алғысым шексіз» атты өлеңімен кешті қорытындылады. Естелікке фотоға түсіп, қолтаңба алды.