«Қайырымдылық-жылы жүректен» атты денсаулық сағаты
18.08.202118 тамыз күні Жаңақорған аудандық орталық кітапханасы «Арнайы» балабақшамен бірліесе отырып мүмкіндігі шектеулі жандарға байланысты «Қайырымдылық-жылы жүректен» атты денсаулық сағатын ұйымдастырды.
Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балалардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, достыққа тәрбиелеу, ой-өрісін одан әрі дамыту, сондай-ақ кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Шара барысында балабақша тәрбиешісі Әлібекова Гүлдана балалардың қазіргі таңдағы жағдайымен таныстыра отырып, олардың қызығушылықтарын ортаға салды. Сондай-ақ кітапханашы Ә.Сағатқызы Д.Мур-Маллиностың «Сабырлы бол балақай», «Бір-бірімізге көмектесейік», Д.Шукистің «Кірпінің құпиясы», «Мен неге қорқақпын?», «Қонжықтың әкесі күн сайын қайда кетеді», «Кәрі аюлар ағашқа өрмелей алмайды» атты кітаптардан ертегілер оқып беріп, «Кім тапқыр» ойынын ойнап балалар тапқырлықтарын көрсетті. Балабақша тәрбиеленушісі Е.Келдібекұлы «Құлыншақ», Н.Тұрғанбай «Әдептілік» атты өлеңдерін жатқа айтты. Шара соңында балалар денсаулықтарын шынықтырды.