«Соқыр сенімге арбалғандар. Олардың ұстазы интернет еді…» атты бейнероликтер

06.10.2021 Выкл. Автор admin
«Соқыр сенімге арбалғандар. Олардың ұстазы интернет еді…» атты бейнероликтер

2021жылдың 6 қазан күні Бірлік ауылдық кітапханасы  Сұлтанбек Қожанов атындағы N55 жалпы қазақ орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әләйдаров Алмаспен бірлесіп діни экстремизмге қарсы «Соқыр сенімге арбалғандар. Олардың ұстазы интернет еді…» атты тақырыпта бейнероликтер көрсетілімін ұйымдастырды.

Мақсаты:  Діни экстремизм жайлы ақпарат беру, ҚР- дағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайында мағлұмат беру.Жас ұрпақты өмір қауіпсіздігі, жанашырлық, бейбіт рухани адами қасиеттерге баулу.

Шара барысында кітапханашы К.Сұлтанбаева «Діни экстремизм — қоғамның тұтастығын бұзатын әрекет» атты баяндама жасады. А.Әләйдаров діни экстремизм туралы қысқаша ақпарат беріп, оның қазіргі заманда болжауы қиын қауіпті құбылыс екенін жеткізді.Сондай-ақ ұлттың қалыптасуындағы дін мен дәстүрдің маңызды рөлі, адамды көркем кемелділікке жетелейтін ар-ождан, имандылық, инабаттылық, жан тәрбиесі жайында әңгіме өрбіді. Тақырыпқа сай БАҚ өкілдері дайындаған бейнеролик, Алматы облысының дін істері басқармасы дайындаған » Діни экстремизм — опат болудың жолы»атты ролик көрсетілді.

Соңында шараға қатысушылар қысқаша ой-пікірлерін білдірді.