«Жусан иісі» атты шығармасына оқырмандар конференциясы

15.10.2021 Выкл. Автор admin
«Жусан иісі» атты шығармасына оқырмандар конференциясы

2021 жылы  15 қазан   күні  №2 Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен №51 орта мектептің 8 сынып оқушыларының қатысуымен халық жазушысы, Сайын Мұратбековтың туғанына 85 жыл толуына орай, «Жусан иісі» атты шығармасына оқырмандар конференциясы болып өтті.

Мақсаты: Жазушы С.Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға кеңінен тарату. «Жусан иісі» атты  шығармасынан оқырмандардың алатын тәрбиелік мәнін көрсету, адамгершілік қасиеттерге, жанашырлыққа, уәдеге, бірлікке үйрету.

Конференцияны кітапханашы ашып, жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы толық мәлімет берді. Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» атты повесінде екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы кішкентай бір ауылдағы балалардың бастан кешкен оқиғасы, көрген ауыртпашылықтары, қазақ ауылының ауыр жағдайы, халықтың басына түскен қайғы-қасірет суреттеледі. Осындай ауыртпалық жылдардағы халықтың, елдің көрген қиындықтары «Жусан иісі» әңгімесіндегі Аянның тағдыры жайлыБектемір Қымбат, Аянның әкесінен қара қағаз алғандағы күйі жайлы Асан Еркін,  Аянның интернатқа кетуі Жанболатқызы Қарақат  және сол ауылдың қиын тіршілігі жайлы Исабаев Ерлан баяндап берді.

Оқушылар шығарма бойынша: Аян қаралы қағазды алғанда не істеді?, Елге әкелген соғыстың зардабы қандай еді?, Аянның достары кімдер?, Аянмен қоштасқандағы достарының көңіл күйлері қандай болды?-деген сұрақтарға шығармадан түсінгендерін көркем тілмен жеткізді.

Конференцияны №51 орта мектептің мұғалімі Айтілеуова Гүлмира қорытындылады.