«Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбында ақпараттық сағат

18.10.2021 Выкл. Автор admin
«Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбында ақпараттық сағат

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен  қазан айының 18-і күні «Парасат жолы» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.

Мақсаты: Оқырмандың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;өз құқықтарын қорғай білуге үйрету; Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу онымен күресу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық салдарын барынша азайту керектігін оқырмандарға ұғындыру.

Шара барысында оқырмандарға кітап көрмесімен таныстыра отырып, сыбайлас жемқорлық ел экономикасының кез-келген дамуына үлкен қатер тудыратындығын түсіндірілді. Жемқорлық дегеніміз – адалдық пен көрегенділіктің жоқтығы, лауазымдық қызметін пайдаланылып, әділетсіз жолмен пайда табу. Кітап көрмесіне қойылған әдебиеттер жайында ақпарат беріп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты мақал-мәтелдерге назар аударды. Көрмеге  Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы  айтылған басылым беттеріндегі материалдарда қойылды.