“Жыр арқауы – Жаңақорған” атты жыр кеші

22.10.2021 Выкл. Автор admin
“Жыр арқауы – Жаңақорған” атты жыр кеші

Төменарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен айтыскер ақын Әбілқайыр Әбілпаттаұлы Сыздықов – 50 жасқа толуына орай “Жыр арқауы – Жаңақорған” атты жыр кеші болып өтті. Ақын болып жасалмайды, ақын болып туады, жанұядағы он төрт перзенттің ішінде алабөтен еті тірілігінен ерек қабілетімен ерекшеленген қара балаға қара өлеңнің қасиеті дарыған,  қазірде үлкен алпауыт ақынға айналған ақынның өлеңдерін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында жырларын дәріптеудеміз. Шараға 5-8 сынып оқушылары қатысты.

Кеште оқушылар ақынның «Мен қазақпын», «Жеңіс», «Туған өлке», «Досқа сыр» өлеңдерін оқыды. Кеш соңында кітапханашы Н. Есіркепова «Ақиқатты арқау еткен айтыскер ақын» атты кітап көрмесімен оқушыларды таныстырды. Көрмеде сыр өнерінің айсыскер ақындары туралы кітаптар, ақын Ә.Сыздықовтың газет бетіндегі мақалалары туралы,  ақынның шығармалары туралы мәлімет берілді.