«Алтын тостағанды іздеу. Бату мен оның достарының бастан кешкендері» атты кітабына әдеби круиз
15.11.202115 қараша күні №3 мектеп-интернатының 5 сынып оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Баймаханова Мөлдірдің қатысуымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Бір ел — бір ел» акциясы аясында балалар әдебиеті жанры бойынша насихатталып жатқан З.Наурызбаева мен Л.Калаустың «Алтын тостағанды іздеу. Бату мен оның достарының бастан кешкендері» атты кітабына әдеби круиз өткізілді.
Мақсаты: шығармадағы Бату атты бала мен оның достарының басынан кешкен оқиғаларына саяхат жасау, ертегі-аңыз кейіпкерлері мен тарихи деректер тәуелсіздік кезеңінің бүгінгі шындығымен байланыстырыла суреттелген қызықты оқиғалармен балаларды таныстыру, кітап оқуға қызықтыру, шығарманы насихаттау. Кітапханашы Ж.Тулешова алдымен кітап авторлары мен шығарманың қысқаша мазмұны туралы буктрейлер көрсетіп, ары қарай оқушылар оқыған кітабы бойынша сұрақтарға жауап берді. Оқиға кейіпкерлері Бату, Аспара, Дана, Скорпион, Қайрат тағы басқа образдары туралы әңгімелеп, оқиға желісін қызықты етіп баяндап берді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Баймаханова Мөлдір «кітаптың мән мағынасын ашып, тереңірек талдап, кітап ішіне қызықты саяхат жасап қайтттық, кітаппен дос болыңыздар, кітапты жиі оқыңыздар» — деп шараны қорытындылады.