«Менің туған өлкем» атты әдеби экспедиция
08.11.2021
2021 жылдың 8 қараша күні Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Менің туған өлкем» атты әдеби экспедиция өткізілді.
Мақсаты: Жас ұрпақтың туған жер тарихы туралы түсініктерін кеңейту, өз елін, туған жерін сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, тарихи тұлғаларды үлгі ету.
Шара барысында қатысушылармен жерлес жазушылардың кітаптары туралы сөз қозғалып, әңгіме сұхбат өрбіді. Оқырмандар «Ауылымның ардақтылары» атты кітаптағы кейіпкерлер туралы ой өрбітіп, шығарма бойынша тың деректерді тауып, әулиелі мекендердің сырына үңілді. Ауылымыздың ардақтылары жайлы естеліктерді жинау арқылы жасақталған «Ауыл шежіресі», «Соғыстың үшбу хаттары», «Естен кетпес есімдер»атты альбомдар қатысушылар назарына ұсынылды.
Айтыскер ақын Манап Көкеновтің жер тарихын өте жетік білетінін аңғартатын Асқар Тоқмағанбетовпен айтысындағы «Қарны жарық», «Ботасоқты», «Жыланды», «Көлтабан», Ақ ұйық», «Таңбалы тау» деген жер,су, тау, көл аттарының неге олай аталу тарихы туралы айтысынан үзінділер оқылды. «Жаңарған Жаңақорған» кітабынан Қатынқамал үңгірінің тарихы жайлы шолу жасалды.