«Жемқорлық індет – жою міндет» тақырыбындағы кітап көрмесі
08.11.20212021 жылдың 8 қараша күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Арман мәдениет үйінде» өткізілген «Біздің таңдауымыз жемқорлықсыз — болашақ» атты шарада бірінші кент кітапханашылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне-роликпен таныстырып, «Жемқорлық індет – жою міндет» тақырыбындағы кітап көрмесін жасады.
Көрменің мақсаты сыбайлас жемқорлықтың ел болашағына ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізіп жатқанына байланысты оқырмандарға жемқорлықтың пайда болу себептерін түсіндіру арқылы сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты қалыптастыру. Ар-намыс пен адалдықтың, беделдің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын түсіндіру. Көрмеге Н.Төлепбергенұлының «Жемқордың жеткен жері», Е.Алаухановтың «Сыбайлас жемқорлықпен күресу», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» кітаптары және көрнекіліктер, мәдени журналдар қойылды. Кітап көрмесімен кітапханашы Иманбаева Ұлсерік таныстырып өтті.