«Ертегі тыңда балақай!» атты ертеңгілік

02.12.2021 Выкл. Автор admin
«Ертегі тыңда балақай!» атты  ертеңгілік

2 желтоқсан күні  Жаңақорған аудандық балалар  кітапханасының ұйымдастыруымен 3 желтоқсан күні мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен «Ертегі тыңда балақай!» атты  ертеңгілік өткізілді.

Мақсаты: балаларға ертегі айту, оның түрлерін бөле білу, ертегінің кейіпкерлеріне мінездеме бере білуге үйрету. Балалардың есте сақтау, ойлау, еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Шараға Жаңақорған аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің ұстаздары мен оқушылары, ата-аналары қатысты.  Кітапханашы  Ж.Төлешова балаларға «Іскер аюлар отбасы», «Теңіз қарақшылары», «Көліктер», «Аспаптар» сияқты қызықты кітаптармен таныстырып, ертегі деген не, оның түрлері туралы түсіндірді. «Қу түлкі мен қоян» атты ертегіден қуыршақтар қойылымы көрсетілді. Балаларға «Нұр-Дамир» балабақшасының тәрбиеленушісі Түгелбек Адина «Маленькая страна» әнін орындап, ертегі кейіпкерлері Аю мен Түлкі би билеп  берді. Шараға қатысқан балалар да өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, тақпақ оқып берді. Кітапханашылар балаларға мерекелік дастархан жайып, тәтті торт пен сусын ұсынды. Аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің ұстазы Аязбек Фатима кітапханашыларға алғысын білдіріп, шараны қорытындылады.