«Әлем таныған кемел тұлға» атты тарихи кеш
26.11.2021
26 қараша күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасы мен №169 мектептің 6 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі М.Сейітованың бірлесіп ұйымдастыруымен 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне орай «Әлем таныған кемел тұлға» атты тарихи кеш өткізілді.
Мақсаты: жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екендігін таныту, елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Мемлекеттік Гимн орындалғаннан кейін, шараны кітапхана меңгерушісі М.Жиенбаева ашып беріп, сынып жетекшісі М.Сейітова Елбасының өмірбаянымен слайд арқылы таныстырып, бейнеролик көрсетті. Балалар Тұңғыш Президентке арналған өлең жолдарын оқып, арнайы дайындалған сұрақтарға жауап берді. Кітапханашы М.Бибасарова «Әлем таныған Президент» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Оқушылар Елбасының қызметі туралы біліп қана қоймай, оның бастамаларының нәтижелерін көре алды. Біз Тұңғыш Президент тек әлемдік деңгейдегі көшбасшы ғана емес, сонымен қатар жаны жайсаң жан мен нағыз патриот екеніне тағы да көз жеткіздік. Оның арқасында біздің мемлекетіміз өркендеп, биік белестерге ұмтылуда.