«Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты кітапханада дөңгелек стол

24.01.2022 Выкл. Автор editor
«Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты  кітапханада дөңгелек стол

 

2022 жылдың 24 қаңтар күні Манап ауылдық кітапхана мен клуб үйінің бірлесуімен Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын насихаттау мақсатында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты  кітапханада дөңгелек стол  ұйымдастырылды.

Мақсаты: Қ Р Президенті Қ.Тоқаевтың  Жолдауы —  болашақтың кепілі екенін жас буынға жеткізе отырып,  әрбір Қазақстан азаматының өмірін жақсартуға арналған, нақты істі атқаратын бағдарлама екенін жете түсіндіру. Жас өспірімдердің бойында өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру, ұлттық сана сезімін саяси сауаттылығын ояту.

Шараға клуб үйінің қызметкерлері мен әкімгершілік қызметкерлері қатыстырылды. Клуб үйінің директоры У.Көкенов Жолдаудағы ұлтымыз үшін қажетті деп  нақтылаған 7 қағидат жайлы  айтып, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп,  кітапханашы А.Мұстафаева кітап көрмесімен таныстырды.