«Ұлы дала – ұлттық тарих тірегі» кітап көрмесі
21.01.20222022 жылдың 21 қаңтар күні Жаңақорған аудандық кітапханасының Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай «Ұлы дала – ұлттық тарих тірегі» кітап көрмесі жасақталды.
Көрменің мақсаты: қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, тілін ұлықтау және ұлы даламыздағы ұлттық құндылықтарымыз бен қасиетті жәдігерлеріміз туралы өскелең ұрпаққа насихаттау.
Көрме барысында кітапханашы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талдап, өзіндік ерекшеліктері мен еліміздің мәдени және рухани дамуы үшін жеті тарихи жайтқа сүйенген ірі жоба жөнінде библиографиялық шолу жасап, оқушылар жан-жақты білімдерін көрсетіп, мақала төңірегінде пікір алысып, ой бөлісті.
Оқушылар Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы туралы жан-жақты мәлімет алып, маңызды ой түйіп, мақалада айтылған ой-пікірлерді әрі қарай жоғары дәрежеде, заманауи түрде жаңаша көзқараспен іске асырады деген ойдамыз.