«Туған жерім менің – алтын бесік елім» атты кітап көрмесі

11.01.2022 Выкл. Автор editor
«Туған жерім менің – алтын бесік елім» атты кітап көрмесі

11 қаңтар күні  Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Туған жерге тағзым» жобасы аясында  «Туған жерім менің – алтын бесік елім» атты кітап көрмесі жасалып,  кітапханашы З.Садыкова оқырмандарға таныстырды.

Мақсаты: туған өлке тарихын зерделеуге, таным-түсінігін кеңейтуге, өз Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу.  Көрмеде біздің ата-бабамыздың мекені, ежелгі қонысымыз, қарт Қаратаудың етегінде орналасқан Жаңақорған ауданының тарихы мен бүгіні жайлы сыр шертетін А.Сопыбековтың «Жаңақорған» тарихнамасы, Ф.Сахиевтың «Келешегі кемел аудан», «Жаңарған Жаңақорған» «Жаңақорған» атты  әдебиеттер ұсынылды.  Оқырмандар өлкеміздің өнеркәсіп орындары, тарихи-мәдени орындары, ескерткіштері, өлкемізден шыққан атақты адамдары және олардың шығармалары, аудан  мәдениетінің гүлденуіне үлес қосқан тұлғалары, ақын-жазушылары, әнші-сазгерлері туралы жинақталған материалдармен танысты. Ауданымыз жайында жазылған тарихи деректер туған өлкеміз туралы білгісі келетін оқырмандардың қызығушылығын арттырып, жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін оятты.