«Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты әңгіме сағат
14.01.202214 қаңтар күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстанның бірінші басшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты әңгіме сағат өткізілді.
Мақсаты: Қонаевтың өмірі, атқарған еңбектері туралы ақпарат беру, келер ұрпаққа өшпес өнеге, жоғалмас із, таусылмас тағылым қалдырғаны, еліміздің дамуына орасан зор үлесін қосқаны жөнінде насихаттау. Кітапханашы З.Садыкова балаларға Д.А.Қонаевтың өмірбаяны мен атқарған қызметтерін баяндап, Ж.Жұмановтың «Қонаевтың Алакөлге соңғы сапары», «Ақиқаттан аттауға болмайды», «Елу жыл ел ағасы» атты кітаптарымен таныстырды.