“Әліпби – ұлт болашағының негізі” атты дөңгелек үстел
21.02.2022
Төменарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында қазақ тілінің латын қаріпіне көшіру жобасын насихаттау мақсатында “Әліпби – ұлт болашағының негізі” атты дөңгелек үстел өткізілді.
Шараның мақсаты: Оқырманға латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, патриот ұрпақ тәрбиелеу.
Кеште кітапханашы латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі екенін оқушыларға жете түсіндірді. Оқушылар «Ана тілім» атты өлеңін оқып, шара соңында кітапханашы «Латын әліпбиі – болашақтың бағдары» атты кітап көрмесімен таныстырды.