«Көркем сөздің шебері» атты кітап көрмесі

14.02.2022 Выкл. Автор editor
«Көркем сөздің шебері» атты кітап көрмесі

2022 жылы 14  ақпан күні Еңбек ауылдық кітапханасында   «Парасат» жобасы аясында көрнекті жазушы, драматург Жолтай Әлмашұлының 65 жасқа толуына орай «Көркем сөздің шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқырманға жазушы Жолтай Әлмашұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

Кітапханада  «Көркем сөздің шебері»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.   Шарада кітапханашы жерлес жазушымыздың өмірі мен шығармашылығы жайлы оқырмандарға мәлімет берді. Жолтай Әлмашұлы – елімізге белгілі, қаламы жүрдек қаламгер. Жазушы өз дәуірінің перзенті. Соның тарихы мен тынысын шығармасына арқау етеді.  «Күлкі мен жас» деген көлемді шығармасы жиыр­масыншы ғасырда 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі кезеңінде халқы­мыздың басынан кешкен зұлмат дәуірді бейнелегенін оқырмандарға айтып, көрмеге қойылған кітаптарына шолу жасады.