«Рухани жаңғыру – ой сананың кемелденуі» тақырыбында онлайн апараттық сағат
10.02.2022
Түгіскен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 10 ақпан күні Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай «Рухани жаңғыру – ой сананың кемелденуі» тақырыбында онлайн апараттық сағаты өткізілді.
Мақсаты: Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі идеялары мен басым бағыттарын кеңінен насихаттау, Қазақстанның тарихи – мәдени мұрасын сақтау, дамыту.
Шара барысында кітапханашы бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы жайлы тармақтарына мағлұматтар беріп кетті.