«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты кітап көрмесі

20.01.2022 Выкл. Автор editor
«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты кітап көрмесі

2022 жылы 20 қаңтар күні №1 кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен Қ.Р Президенті Қ.Тоқаевтың  Қазақстан халқына  арналған Жолдауына орай  «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты кітап көрмесі өткізілді.

Кітап көрмесінің мақсаты: Мемлекет басшысының жолдауымен таныстыру, қойылған талаптарының орындалуына ат салысу әр азаматтың борышы және еліміздің экономикасының дамуындағы маңызды құжат екенін түсіндіру. Көрмені оқырмандарға кітапханашы Ибрагимова Алима таныстырып өтті. Көрмеге Н.Назарбаевтың  «Мәңгілік ел. Ғасырға бергісіз жылдар» атты кітабы, Н.Қапесов  «Саясаттану», Қ.Тоқаевтың көп томдық  саясат жайлы жазылған кітаптары, «Мәңгілік ел Қазақстан» және тағы көптеген 15-ке жуық кітаптар мен президенттің жолдауы және суреттер қойылды.