«Ұлы даланың жеті қыры — ұлттық болмыс негізі» атты тақырыпта аудандық тарихи өлкетану мұражайына саяхат
08.02.2022Бүгін 8 ақпан күні №2 Кенттік кітапханасы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай «Ұлы даланың жеті қыры — ұлттық болмыс негізі» атты тақырыпта аудандық тарихи өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастырылды.
Мақсаты: Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын түсіндіру. Өз тілін, елін, тарихын, салт-дәстүрін білуге, сүйюге, мақтан тұтуға тәрбиелеу. Төл тарихымыз бен мәдениетімізді жіктей келе тарихи сананы жаңғырту.
Елбасы мақаласында әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу қажет деген міндетті қойған болатын. Осыған орай кітапханашылар саяхат ұйымдастырды.
Шара барысында тарихи өлкетану мұражайының қызметкері Құралай Дәрмен оқырмандарға қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық аспаптары, алтын адам ескеркішімен таныстырып шықты. Киелі жерлер жайлы атап-атап түсіндіріп өтті. Ондағы табылған жәдігерлерге тоқтала кетті. Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алып, мол мағлұмат алды.