«Жемқорлық індет-жою міндет» атты кітап көрмесі
18.02.20222022 жылдың 18 ақпаны күні Бесарық ауылдық кітапханасында «Жемқорлық індет-жою міндет» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңды насихаттап, көпшілікке түсіндіру. Осы мақсатта кітапханада оқырмандарға сыбайлас жемқорлық туралы түсініктеме беріліп, кітап көрмесіне қойылған «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Қазақтың ата заңдары», «Қазақ елінің дәстүрлі құқығы», «Ар мен заң», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңы», т.б. әдептілік, тәрбие туралы әдебиеттер таныстырылды. Сыбайлас жемқорлық қоғам дамуына, мемлекеттің өркендеуіне, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіріп, адамдардың билікке, заң мен әділдікке деген сеніміне сызат түсіретіні белгілі. Осылардың алдын алу мақсатында аталмыш заңды жетік біліп, оның алдын алуға ықпал жасап, жолын кесуге атсалысып отыру әрбір адамның міндеті екені айтылды.