«Туған жерге тағзым ету – парызың» атты ақпараттық сағат
04.02.2022Бүгін 4 ақпан күні №2 Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен №51 орта мектепте, сол мектептің оқушыларының қатысуымен «Туған жерге тағзым» жобасы аясында «Туған жерге тағзым ету – парызың» атты ақпараттық сағат болып өтті.
Мақсаты: Жас жеткіншіктерге ең бірінші өзінің туған жері туралы жан-жақты мәлімет беру. Өз Отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу.
Шара барысында оқушылар туған өлке туралы шумақтарын айтып, балалар әні «Тұлпар» әні орындалды.