«Туған жер-тұнған шежіре» атты бейнеролик

15.02.2022 Выкл. Автор editor
«Туған жер-тұнған шежіре» атты бейнеролик

2022 жылдың 15 ақпаны күні  Бесарық ауылдық кітапханасы «Туған жер-тұнған шежіре» атты бейнероликті  фейсбук  желісіндегі  оқырмандар назарына   ұсынды.

Мақсаты:  «Туған жерге-тағзым» жобасын насихаттау, оқырмандардың туған жеріне, еліне, өскен ауылына деген сүйіспеншілігін арттырып, туған жер табиғатын, байлығын қорғауға, отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Осы мақсатта  кітапханашы Елбасының  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының  маңызын айта келіп, мақаладағы  «Отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа деген сүйіспеншіліктен басталадтындығын баяндады. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының  төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс»-деп айтқан  сөздерін келтіре отырып, Бесарық ауыл округінің  аты «Жаманбай батыр» ауылдық округі боп өзгергенін, өз өлкемізден шыққан  Жаманбай батырдың кім болғанын көпшіліктің біле бермейтінін айтты. Ғылыми деректерден, жерлес жазушы, зиялы қауым өкілдерінің мақалаларынан  жинақталып, батыр туралы мәліметтерден  библиопост жарияланды және ауылдың тыныс-тіршілігінен бейнеролик  ұсынылды. Бейнероликте ауылдың мәдени орындары, білім ордасы, денсаулық сақтау мекемесі, әкімгершілік, ауыл мешіті тағы да  басқа ауылдың  көрікті жерлері мен ауылдың тыныс-тіршілігі, табиғаты, тарихынан мағлұмат  беретін  көріністер көрсетілді. Ауыл әр адамның ата-тегінің бесігі, арқа сүйері, балалық шақтың мекені. Атамекенге деген  махаббат, атамекенге деген сағыныш ауылдан басталса керек.