«Қаламгердің сан қыры» атты әдеби қазба, ізденіс ойыны
14.02.2022
Бүгін 14 ақпан күні №2 Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен №56 орта мектепте сол мектептің 6 сынып оқушыларының қатысуымен, Жолтай Әлмашұлының 65 жасқа толуына орай «Қаламгердің сан қыры» атты әдеби қазба, ізденіс ойыны өтті.
Мақсаты: Оқушыларға Жолтай Әлмашұлының шығармаларын кеңінен насихаттау, жергілікті ақын-жазушыларымызды дәріптеу.
Шара барысында әдеби қазбаны оқушылар екі топқа бөлініп, әр топ 3 тақырыптағы жазушының шығармасынан үзінді оқып, сол үзінді қай кітапта екенінде жауап іздеді. Балалар белсенді кірісіп, үзіндіні қай кітапта екенін іздеп таңдаған тақырыптар бойынша материалдар іздеп, ізденіс жұмыстарын жасады. Ізденіс шеңберіне шек қойылмады: кітаптар, журналдар,газеттер қолданылды. Соңында балалар ізденіс нәтежелерімен бөлісіп, тапқан кітаптарымен таныстырды.