«Ерлік – елге өнеге» тақырыпта жерлесіміз Ауған соғыс ардагері Әбуов Әлмұрат ағамызбен кездесу кеш
11.02.2022Сүттіқұдық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 11 ақпан күні кітапханашы Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай «Ерлік – елге өнеге» тақырыпта жерлесіміз Ауған соғыс ардагері Әбуов Әлмұрат ағамызбен кездесу кеш өткізілді.
Мақсаты : Жастарымызға ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағамызбен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағамыздың ерлігін үлгі ету, насихаттау.
Кеш барысында ардагер ағамызға түрлі сұрақтар қойылып, ардагер ағамыздың ерліктері жайлы толықтай мағлұмат алынды. Әмұрат ардагер ағамыз алғаш әскерге аттанып Ашхабат қаласында дайындық курсынан өтіп, одан кейін Ауған жеріндегі бір елді мекенді қорғағанын, танкі жүргізгені жайлы және ол жақтағы қиындықтары жайлы айтып өтті. Жастарымыз көптеген сұрақтарына тұшымды жауап алды.Соңынан алғыс айтып сый құрмет жасалды.