«Айтылар естеліктер мен туралы» атты әдеби марафон

09.02.2022 Выкл. Автор editor
«Айтылар естеліктер мен туралы» атты әдеби марафон

Қожакент ауылдық кітапханасында кітапханашы А.Рустемованың ұйымдастыруымен 9 ақпан күні, қазақ поэзиясының шоқ жұлдызы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне арналған «Айтылар естеліктер мен туралы» атты әдеби марафон өткізілді. Оған «КӨКЖИЕК» поэзия клубының мүшелері ақынның туған жер, адам тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, соғыс тауқыметіне арналған лирикасы қайталанбас ұттық сипатта, ұлттық зермен зерделенген «Айтылар естеліктер мен туралы», «Қарасазым», «Фариза», «Пай-пай өмір!»,»Дос», «Ғашықпын» т.б. өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіріп оқыды.

Мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу.М.Мақатаевтың өлеңдері  арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.