«Ана деген тіршіліктің тірегі» атты тақырыпта сырласу мерекелік кеші

04.03.2022 Выкл. Автор editor
«Ана деген тіршіліктің тірегі» атты тақырыпта сырласу мерекелік кеші

2022 жылдың 4 наурыз  күні №2 Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен

8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай №51 орта мектепте , сол мектептің оқушыларының қатысуымен «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты тақырыпта сырласу мерекелік кеші болып өтті.

Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

Шара барысында 5 сынып оқушылары ана туралы өлең шумақтарын оқып,  «Ана туралы баллада», М.Мақатаевтың «Шеше сен бақыттысың», «Анашым қамқоршым» атты өлеңдерді нақышына келтіріп орындады.

Сырласу кешіне ұстаз ардагер апалар, оқушылардың әжелері, аналары шақырылды. Кеш соңында  Бибайша әже, қыздар туралы біраз мағлұмат берді. Мектеп мұғалімі Хайбулла Нуриман,  Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы – сендерсіңдер, сол үшін сабақты жақсы оқуымыз керек, деп кешті қорытындылады.