Әңгіме сағат

01.03.2022 Выкл. Автор editor
Әңгіме сағат

2022 жылдың 1 наурыз  күні №2 Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен 1 Наурыз Алғыс айту күніне орай  №51 М.Қаратаев атындағы орта мектептің оқушыларының қатысуымен әңгіме сағат болып өтті.

Мақсаты: Балалардың «Сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту.

Шара барысында кітапханашы оқушыларға, бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі екенін және де, «ризашылық», «алғыс айту» ұғымы жайлы түсіндірді. Қорытындылай келе кітапханашы оқушыларға өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге, жақсылық жасауға, бір-біріне мейірімді болуға және де жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар деп өнегелі сөзін айтты.