«Мейірім шуағы» атты қайырылымдық акциясы
01.03.2022Түгіскен ауылдық клуб үйінде ауыл әкімдігінің қолдауымен клуб үйі, кітапхана, өнер мектебі ұжымдарының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 1 наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жыл Балалар жылы деп жариялануы мен 1 наурыз алғыс айту күніне орай мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Мейірім шуағы» атты қайырылымдық акциясы өткізілді.
Мақсаты: Балаларға әрдайым қамқорлық жасап, оларды үнемі қолдап отыру. Оларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Алғыс айту күнінің маңыздылығын түсіндіру.
Мәдени шараны ауыл әкімі Туғанбаев Серік құттықтау сөз сөйлеп ашып, 2022 жыл «Балалар жылы» деп жариланғанын айта келе, 1 наурыз Алғыс айту күнімен балаларға деген жүрекжарды тілегін айтып, өзінің алғысын білдірді. Шараны № 209 сынып оқушылары «Ассалаумағалейкум» әнімен сахна шымылдығын ашты. Түгіскен балалар өнер мектебінің оқушылары Дайрабайдың күйі «Дайрабайды» әнін орындады. Ең кішкентай «Айдана» балабақшасының бүлдіршіні Аюпхан Ләйлә Ғафурқызы «Ата, әжемнің еркесімін» әнін орындады. Оқушылар «Ұстазыма мың алғыс», «Ата – анама рахмет!», «Ана сен бақыттысың», «Қазағыма мың алғыс» атты өлең жолдарын жатқа оқып берді. Өнер мектебінің балдырған бишілер тобы «Қазақ биін» орындап, «Ана» әнін тебіренте орындады. Домбырашылар дуэті халық күйі «Тепең көкті» орындады. Клуб үінің директоры Б.Тасқожаева құттықтау сөз сөйлеп, көпшілікке деген алғысын білдірді. Жас әнші Сайфулла Фахредин «Мен қазақпын» әнін орындады. Ауыл әкімі мүмкіндігі шектеулі балаларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Мәдени шараның соңы ән, биге ұласты. Балалар шаттанып би биледі.