«Рәміздер елімнің бет-бейнесі»

28.02.2022 Выкл. Автор editor
«Рәміздер елімнің бет-бейнесі»

Биыл Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл толады. 1992 жылғы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік Рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер — мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні, болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасы мен даналығын, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Осы мақсатта Мемлекеттік Рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толуына орай Жаңақорған аудандық орталық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен «Рәміздер елімнің бет-бейнесі» атты тақырыпта өткізілді.

Айтулы жиында кітапхана қызметкерлері және №3 мектеп-интернатының оқушылары тақырыптық қойылымдар көрсетіп, Рәміздеріміздің рухани құндылықтарын ортаға салды, Мемлекеттік Рәміздерде бейнеленген әрбір элементке сипаттама беріп, даналық пен кемеңгерліктің көрінісін айшықтаған Рәміздеріміздің мәртебесін тағы бір мәрте асқақтатты.

Мемлекеттік Рәміздерді ұлықтауға арналған осындай тағылымды шаралар барлық елді мекендерде жалғасын табатын болады.