«Жемқорлықсыз қоғам-нұрлы болашақ кепілі» тақырыбында эссе жазу
25.02.2022Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Парасат жолы» жобасы аясында ақпан айының 25-і күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жемқорлықсыз қоғам-нұрлы болашақ кепілі» тақырыбында эссе жазу өткізілді.
Мақсаты: «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Қоғамдық қасіретке әкелетін бұл материалдық құндылықтар дағдарысынан шығу және оны жою үшін дұрыс әрекет етуді ұғындыру. Оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрартын жігер қалыптастырып, құқықтық сауаттылықтарын арттыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізу қабілеттерін дамыту.
Эссе жазу барысында оқырмандар сыбайлас жемқорлық ұғымы, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғамның түрлі салаларына теріс әсері туралы пайдалы ақпараттармен бөлісті.